Қазақстанда доллар қымбаттады

29 қыркүйектегі доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 548,79 теңге болып, 4,34 теңгеге өсті.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 29 қыркүйектегі ресми бағамы - бір доллар үшін 544,26 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Астана мен Алматыдағы доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматы бойынша:

  • сатып алу - 546,16 теңге,
  • сату - 548,24 теңге.

Астана бойынша:

  • сатып алу - 544,40 теңге,
  • сату - 549,40 теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!