Қазақстанда доллар бағамы төмендеді

2 шілдедегі доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE - Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша, АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 518,37 теңге болды, бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 0,84 теңгеге төмен. Ұлттық банктің 2 шілдеге белгілеген ресми бағамы - 519,29 теңге.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу орта есеппен 518,91 теңге, сату - 520,64 теңге. Астанада долларды орташа есеппен 516,65 теңгеден сатып алып, 522,66 теңгеден сатып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!