• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда доллар бағамы тағы да төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы тағы да төмендеді
Фото: depositphotos.com

10 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 510,49 теңге, осылайша 0,52 теңгеге төмендеді.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 10 ақпандағы ресми бағамы - бір доллар үшін 511,18 теңге.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының айырбас пункттеріндегі долларды сатып алудың орташа бағамы 511,11 теңгеге, сатудағы бағамы 513,50 теңгеге тең. Астананың айырбас пункттерінде долларды орта есеппен 510,57 теңгеден сатып алып, 516,57 теңгеден сатып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін де қор нарығында доллар арзандағаны хабарланды. 7 ақпанға ұсынылған ресми бағам бір долларға 515,31 теңге болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget