• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Қазақстанда доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді

Қазақстанда доллар бағамы тағы 4 теңгеге төмендеді
Фото: Midjourney

24 қаңтардағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 517,84 теңге болып, 4,35 теңгеге төмендеген.

Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 қаңтардағы ресми бағамы бір доллар үшін 522,42 теңге болды.

kurs.kz деректері бойынша қазір Алматының айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 519,32 теңгеге, ал сату 522,20 теңгеге тең. Астанада америкалық валютаны орта есеппен 518,17 теңгеден сатып алып, 522,71 теңгеден сатып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін доллар бағамы бірден 6 теңгеге түскені хабарланды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова