25 сәуірде Қазақстанда доллар бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық қор биржасында (KASE) күндізгі сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 515,03 теңге болып, 2,07 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, 25 сәуірге арналған Ұлттық банктің ресми бағамы 1 доллар үшін 517,16 теңгені құрады.
Kurs.kz мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде долларды сатып алу орташа бағасы 515,08 теңге, сату – 517,06 теңге. Ал Астанада долларды сатып алу орташа бағасы 513,41 теңге, сату – 519,41 теңге.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!