Қазақстанда 13 ақпандағы сауда-саттықта доллар бағамы белгіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгінгі ахуал
Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 497,88 теңге болып, 3,95 теңгеге төмендеді. Айта кетейік, доллардың 13 ақпандағы ресми бағамы - 501,31 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 498,87 теңгеге, ал сату бағамы 502,89 теңгеге тең. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 498,54 теңгеден сатып алынып, 504,63 теңгеден сатылып жатыр.
Кешегі жағдай
Айта кетейік, 12 ақпанда Астананың айырбас пункттерінде доллар 506,05 теңгеге сатылып, 499,06 теңгеге сатып алынды. Алматыда америкалық валютаны 503,84 теңгеге сатып, 499,96 теңгеге сатып алды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова