2024 жылы ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністері діни және ұлттық алауыздықты қоздыру, терроризмді насихаттау және экстремистік ұйымдарға қатысу секілді 85 қылмысты анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Тергеу нәтижесінде жыл қорытындысы бойынша 44 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар ұрлық, бопсалау, тонау және басқа да жалпы қылмыстық құқықбұзушылықтар үшін 131 діни радикал сотталды.
18 қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылып, олардан 50 қару және 10 келіден астам есірткі тәркіленді. Діни қатынастар саласындағы және тыйым салынған материалдарды таратуға байланысты құқықбұзушылықтар үшін 390 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғауға ерекше назар аударылды. Жыл бойы 9930 нысанның қауіпсіздік шараларының жағдайы тексеріліп, оның нәтижесінде бұзушылықты жою туралы 3581 нұсқама енгізіліп, 1244 әкімшілік хаттама жасалды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз