- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда диплом QR-код...
Қазақстанда диплом QR-код арқылы беріле бастады
Қазақстандық колледждерде диплом QR-код арқылы беріле бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, осы жылдан бастап техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдар бланкіде QR-кодпен беріле бастады.
QR-код технологиясын қолдану жалған диплом жасаудан қорғауға және жұмыс берушілердің диплом түпнұсқалығын бірден тексеріп алуына мүмкіндік беретін жаңашылдық.
"QR-код дипломның түпнұсқалығын тексеруге мүмкіндік береді. Ол құжаттың иесі жайлы деректер, оқу орны туралы ақпарат пен Ұлттық білім беру деректер қорынан алынған құжат деректемелері көрсетілетін мемлекеттік интернет-ресурсқа сілтеме береді. QR-кодта түлекті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер: түлектің аты-жөні, ұйымның атауы, түскен/бітірген жылы, мамандығы мен біліктілігінің атауы, оқыту нысаны, дипломның сериясы мен нөмірі беріледі", - деді оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.
Министрлік мәліметінше, биыл 140 мыңнан астам колледж түлегі QR-коды бар дипломдар алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина