Қазақстанда депозит бойынша мөлшерлеме өсті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтергеннен кейін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы қаңтарға арналған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шекті мөлшерлемелердің жаңа мөлшері биыл 6 желтоқсанынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, 5 желтоқсанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75 пайызға дейін көтерген еді. Сондай-ақ, бұл шешім болжам мен нақты деректерді талдауға негізделгені айтылды. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!