- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда депозит бойынша...
Қазақстанда депозит бойынша мөлшерлеме көтерілді
Фото:
Тұрар Қазанғапов
Ұлттық банк базалық мөлшерлемесін ұлғайтқаннан кейін Қазақстанның депозитке кепілдік беру қоры 2022 жылғы шілде және тамыз аралығында барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді, - деп хабарлайды Massaget.kz қор сайтына сілтеме жасап.
Өзгерістер 2022 жылғы 26 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі, осы күннен бастап банктер депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін қайта қарай алады.
Айта кетейік, 25 шілдеде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 14,5 пайызға дейін көтерген еді.
Ж. Қадыржанова