- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда демалыс күндері...
Қазақстанда демалыс күндері бастық қоңырау шалса жауап беру керек пе – заңгер жауабы
Жұмыс күнінің ұзақтығы еңбек шартында белгіленеді, бірақ көбінесе басшылар жұмыстан тыс уақытта қызметкерлерге міндеттер қоюды жалғастырады, мысалы, демалыс күндері қоңырау шалу арқылы олардың назарын аударады. Мұндай әрекеттер заңды ма деген сұраққа заңгер Надежда Гелдт жауап берді.
Әлеуметтік желі адамдар арасындағы байланысты әлдеқайда қолжетімді етті. Енді қызықты сұрақты кез келген уақытта талқылауға болады. Дегенмен, демалыс уақытыңызда бастығыңыздың қоңырау шалуын қаншалықты заңды деп санауға болады?
Еңбек заңнамасының негізгі принциптерінің бірі қызметкердің еңбек ету құқығын қамтамасыз ету (ҚР Еңбек кодексінің 4-бабы). Әдетте, жұмыс кестесі мен демалыс күндері еңбек шартында белгіленеді, заң бойынша қызметкерлерге апта сайынғы демалыс күндері беріледі.
Біріншіден ішкі келісімдер рұқсат етсе, қоңыраулар қабылданады. Екіншіден, іскерлік этикет ережелерін бұзу. Мысалы, егер қызметкер ешқандай нұсқауға қол қоймаса және ол басшылықпен 24 сағат ішінде байланысқа шығуға міндетті болмаса мұндай хабарламаларға жауап бермеу мүмкін. Оған кейін жұмыс уақытында жауап беруге болады.
"Біріншіден, демалыс уақыты деген не екенін анықтау маңызды. Бұл қызметкер еңбек міндеттерінен босатылатын және ол өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыт (ҚР Еңбек кодексінің 1-бабы). Екіншіден, заңда қызметкер демалыс уақытын қалай өткізуге міндетті екені қарастырылмаған. Еңбек кодексі оны беру тәртібін ғана анықтайды", - дейді маман.
Заңнамада демалыс күндері қоңыраулар мен хабарламаларға тікелей тыйым салу, сондай-ақ қызметкердің жұмыс істемейтін күндері жауап беру міндеті қарастырылмаған. ҚР Еңбек кодексінің 22-бабына сәйкес қызметкердің демалуға құқығы бар. Өз кезегінде, 23-бапқа сәйкес жұмыс беруші Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға, тиісінше қызметкерлердің демалыс күндеріне құқығын қамтамасыз етуге міндетті.
Қысқаша айтқанда, жұмыс беруші демалу құқығын қамтамасыз етуге міндетті, ал қызметкер демалуға құқылы, яғни қызметкерлер қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеуге болады.
Бірақ жұмыс беруші келісімде немесе келісім-шартта демалыс күндері байланыста болу міндетін белгілесе ше?
Бұл сұраққа Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б.Дүйсенова жауап берді. Еңбек кодексінің 10-бабының 2-тармағына сәйкес әлеуметтік әріптестік, ұжымдық, еңбек шарты тараптарының арасындағы келісімдердің ережелері, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлататын жұмыс берушілердің актілері жарамсыз деп танылады және қолданылмайды.
"Яғни, жұмыс беруші келісім-шартта қызметкерлердің демалыс күндері байланыста болу міндетін белгілеген болса, бұл заңға қайшы, яғни қызметкерлердің бұл тармаққа қарсы шығуға құқығы бар", - дейді заңгер.
Сондай-ақ хабарды қай телефонда алатыныңыз маңызды екенін ескеріңіз. Теориялық тұрғыдан қызметкердің жеке телефонын өшіруге құқығы бар.
Т. Раушанұлы