• 496.66
  • 490.7
  • 5.54

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда дауылды ескерту жарияланды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты 1 ақпанға дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлытау облысы

1 ақпанда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде қар, облыстың батысында, орталығында аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қаласында 1 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Қарағанды облысы

1 ақпанда түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын, күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман. Қарағанды қаласында 1 ақпанда күндіз қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

Жетісу облысы

1 ақпанда Жетісу облысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Астана

Астана қаласында 1 ақпанда таңертең және күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-18 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Петропавл қаласында 1 ақпанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы

1 ақпанда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман. Шымкент қ.: 1 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түркістан қ.: 1 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысы

1 ақпанда Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысы

1 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

Абай облысы

1 ақпанда түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, күндіз облыстың оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысы

1 ақпан Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Орал қ.: 1 ақпан көктайғақ, тұман күтіледі.

Қызылорда облысы

1 ақпанда Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 1 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы

1 ақпанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 1 ақпанда көктайғақ сақталады, тұман күтіледі.

Ақмола облысы

1 ақпанда түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 1 ақпанда түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысы

1 ақпанда түнде Қостанай облысында қар, бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ.: 1 ақпанда түнде және таңертең қар, бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысы

1 ақпанда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 1 ақпанда түнде қар, көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі.

Павлодар облысы

1 ақпанда күндіз Павлодар облысында қар, облыстың батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова