Қазақстанда дәрі-дәрмектің 38 түрі тегін берілмеуі мүмкін

Қазақстанда науқастарға тегін берілетін дәрілердің тізімі қысқарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігі бұйрығы бойынша 32 ауру түрін емдеуге арналған 38 дәрі-дәрмек тізімнен алып тасталмақ. 

Бұл туралы дерек Ашық НҚА сайтында пайда болды. 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар тізімінен төмендегі ауруларды 

  • "Омепразол";
  • "Амоксицилин";
  • "Кларитромицин"
  • "Азитромицин";
  • "Фамотидин";
  • "Карбамзепин";
  • көзге арналған"Ацикловир"

"Өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер етпейтін 32 нозология алып тасталды, өлім-жітім мен өмір сүру ұзақтығына әсер ететін басқа созылмалы ауруларды емдейтін дәрі-дәрмек көлемін көбейту қарастырылған", - делінген құжатта. 

Толық тізім мына жерде. 

Құжат 18 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!