Әлеуметтік желілерде дәрі-дәрмек қымбаттағаны туралы ақпарат тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бұл мәлімет мониторингтің нақты дерегіне сәйкес келмейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Комитет мәліметінше, 2025 жылдан бері елімізде дәрі бағасын мемлекеттік реттеудің жаңартылған тетігі іске асырылып жатыр.
"4994 дәріге шекті баға бекітілген. Сонымен қатар, рецептісіз берілетін 1707 препарат мемлекеттік реттеуден шығарылған. Уәкілетті органдардың тұрақты мониторингі барысында нарықтағы бағамен сатылып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Еліміздің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг нәтижесінде маусыммен салыстырғанда қыркүйекте 34 пайыз дәрінің бағасы төмендегені (орта есеппен 7,8 пайызға) анықталған; қазанда 50 пайыз дәрінің бағасы төмендеген (орта есеппен 11,1 пайызға).
Соның ішінде мына дәрілер айтарлықтай арзандаған:
Ведомство шекті бағадан асыра сату анықталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 426-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!