Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қайта қарау сұралды

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қайта қарау сұралды
Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қазақстандық фармацевтикалық компаниялардың өкілдері және негізгі дистрибьюторлармен 2025 жылға арналған дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ДСМ мәліметіне сілетме жасап.

Ведомство басшысы денсаулық сақтау шығыстары елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.

"Мемлекет барлық азамат үшін медициналық көмек пен дәрі-дәрмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады. Сатып алу науқанын бастамас бұрын, өндіруші белгілеген дәрі-дәрмек бағасы қолайлы және қолжетімді екеніне көз жеткізу маңызды. Бұл ретте жергілікті дистрибьюторлардың үстеме бағасы регрессивті үстеме шектерде қалуы тиіс", - деді Ақмарал Әлназарова.

"СҚ-Фармация" ЖШС деректері бойынша Бірыңғай дистрибьютор сатып алуды ұзақ мерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, халықаралық ұйымдар мен тендерлер арқылы жүзеге асырады. Тендер және отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар бойынша сатып алу үлесі 88 пайыз болады.

Конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша былтыр шамамен 21.5 миллиард теңге үнемделген, биыл үнемдеу сомасы 50 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылған. Дегенмен, генериялық немесе биоұқсас препараттардың бағасы бастапқы дәрі-дәрмектердің құнынан асатын жағдайлар бар. Министрлік мұндай жағдайларды жою және баға жүйесін жақсарту бойынша жұмысты жалғастырып жатқаны айтылды.

"Сатып алудағы отандық өнімнің үлесін ұлғайту үшін 10 жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді шарттар жасасу бойынша қолдау шарасы көзделген. Дегенмен, барлық өндірушілер мен дистрибьюторлардың барлығы бірдей жеңілдіктер бермейді. Денсаулық сақтау министрі фармацевтикалық компаниялардың өкілдерін әлеуметтік жауапкершілікті көрсетуге және бағаны төмендетуге қайта қарауға шақырды".

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан