Биыл Қазақстан диқандары 23 680,9 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын жинады. Осылайша, бидай, арпа және басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталды, - деп хабарлады primeminister.kz сайты.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, 2016 жылы 17,8 млн тонна бидай, 3,3 млн тонна арпа, 347 мың тонна сұлы, 63,9 мың тонна тары, 502,6 мың тонна күріш және 736,5 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және т.б. дәнді дақылдар жиналды.
Салыстыра өтсек, 2015 жылғы көрсеткіштер бойынша 14,6 млн тонна бидай, 2,9 млн тонна арпа, 278,6 мың тонна сұлы, 41,6 мың тонна тары, 457,4 мың тонна күріш, 830 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және т.б. дәнді дақылдар жиналған.
Сонымен қатар, картоп жинау науқаны аяқталып, 3 460 мың тонна өнім алынды.
Айта кетсек, майлы дақылдарды жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні 1,6 млн тоннадан астам майлы дақыл бастырылды (былтырғы жылғы жағдай бойынша 1,1 млн тонна).