Қазақстанда дәл қазір қай жолдар жабық?

22 қаңтар сағат 22:00-дегі ахуалға сәйкес, қолайсыз ауа райына байланысты үш облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың төрт учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Алматы облысында - 1 учаске:

  • "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254-шақырым, Ақы алу пунктінен-Жетісу обл.шек. дейін – 230-шақырым. (жел, нөлден төмен температура)

Жетісу облысы - 1 учаске:

  • "Үшарал-Достық" 84-184-шақырым, Көктұма ст.- Достық ст. - 100-шақырым. (боран, жол дұрыс көрінбейді) 

Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске:

  • "Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213-шақырым, Чапаев к.-Қазталов к.-213-шақырым.
  • "Атырау-Орал" 189-371-шақырым, Атырау обл.шек-Чапаев к. - 182-шақырым. (жел, боран, жол дұрыс көрінбейді, нөлден төмен температурадағы жаңбыр).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз