Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Рустам Құлкеевке іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұрынғы шенді полицейді іздестіру туралы ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды. Іздеумен Қарағанды облысының Полиция департаменті айналысады.
Еске салайық, Қарағанды облысы Тергеу басқармасының бұрынғы басшысы Құлкеев майнинг жабдықтарын ұрлап, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Аймақ полиция департаменті бастығының мәліметінше, Рустам Құлкеевпен бірге осы бөлімшенің тергеушісі іс бойынша күдікті. Қылмыстық істі ІІМ-нің жеке қауіпсіздік департаменті тексереді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!