Қазақстанда букмекерлік кеңседе ойнауға тыйым салынған адамдардың тізімі жасалады

Қазақстанда букмекерлік кеңседе ойнауға тыйым салынған адамдардың тізімі жасалады
Фото: betting.team

Қазақстанда букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардағы ставка есебін жүргізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігі әрбір бәс тігушіден қабылданған ставкалары (оның ішінде электрон түрін де), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенті, сол бойынша ұтыстар мен төлемдерді, сондай-ақ оны өзге тұлғаларға беру туралы ақпаратты қабылдау, есепке алу және сақтау қағидаларының жобасын талқыға шығарды.

Ереже арқылы "құмар ойындардан және бәс тігуден шектелген тұлға" деген жаңа ұғымды енгізу жоспарланып отыр. Бұл құмар ойындар мен бәс тігуге сот құзыретімен шектелген тұлға дегенді, сондай-ақ өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеген жеке тұлғаны білдіреді.

"Ставканы есепке алу орталығы қолма-қол ақшаны және қолма-қол ақшасыз төлемдерді құмар ойындарға немесе бәске шектелген адамдар тізіміндегі адамның пайдасына қабылдаудан және жүзеге асырудан бас тартады, бас тарту туралы тиісті хабарлама жіберіледі", - делінген жобада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова