Қазақстанда бүгіннен бастап шетел көліктерін сақтандыруға тыйым салынды. Енді көрші елден әкелінген көліктерді бұрынғыдай полис арқылы саудалау тыйылады, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, заңдағы бұл өзгеріс жүргізушілерді жаппай сақтандыру компанияларын жағалауға мәжбүр еткен. Агенттер бұл өтінішпен хабарласатындардың көбі Ресейден көлік жеткізгендер екенін айтады.
Бұл жайт Ақтөбеде де сақтандыру агенттерінің жұмысын жүргізген. Бұл өңірде көршілес Ресейден әкелінген көлік көп. Тәртіп сақшылары аймақта шетелдік нөмірлі көлік нақты қанша екенін айта алмаған. Олардың көбі жергілікті тіркеуге тұрмай, тек сақтандыру полисімен жүр.
"Көп, иә,түннен бері келді. Түнде, тіпті сағат бірге дейін жазып жатқандар бар. Онлайн жіберіп жатыр. Енді ертең ғой. Білмеймін, кезек көп. 12-сінен кейін бітті. 12-сі 12.00-де бітеді ғой", - деген сақтандыру агенті Құралай Мырзамұратова.
Бұл заң бойынша сақтандыру полисіне қатысты талап күшейтілген. 12 қаңтардан бастап сақтандыру полисін тек қазақстандық тіркеуге алынған немесе шетелдік азамат басқаратын көліктерге беріледі. Қазақстандықтар сақтандыру полисімен бұрынғыдай темір тұлпарды өзгеге сата да алмайды. Ал транзит мемлекеттік нөмірі бар көліктер тек он күнге сақтандырылады. 12 қаңтарға дейін рәсімделген полис уақыты біткенше жарамды болады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!