Қазақстанда бүгін 43 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда бүгін 43 градусқа дейін ыстық болады
Фото: depositphotos.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 27 маусымда еліміздің кейбір өңірінде аптап ыстық 43 градусқа дейін жететінін болжап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысында найзағай, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысында 35-38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысында 35 градус, облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Алматыда күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с. 

Астанада күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының батысында найзағай, дауыл, облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Күндіз облыс бойынша 40-42 градус қатты ыстық күтіледі. 

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с. 

Жетісу облысының солтүстік-шығыстанда, орталығында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Күндіз Жетісу облысында 35-39 градус қатты ыстық сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында 40-43 градус қатты ыстық күтіледі.

Шымкентте күндіз 40-41 градус қатты ыстық күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігіде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан