Қазақстанда "бірыңғай есеп күні" өтеді

Қазақстанда "бірыңғай есеп күні" өтеді
Фото: freepik.com

2019 жылы 30 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және 14 облыс әкімдіктері "Бірыңғай есеп күнін" өткізеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі хабарлады.

"Бірыңғай есеп күні" президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Іс-шараны өткізудің мақсаты – заңнама талаптарын бұзудың алдын алу, кәсіпкерлердің құқықтық сауатын арттыру.

"Бірыңғай есеп күні" аясында бақылау-қадағалау органдары кәсіпкерлер алдында есеп береді және олармен мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі идеяларды талқылайды.

Кездесуге әкімдіктердің, бақылау-қадағалау органдарының, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, прокуратура органдары, сондай-ақ "Атамекен" өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысады.

Кәсіпкерлер осы мүмкіндікті пайдаланып, бақылау-қадағалау органдарына сұрақ қоя алады.

"Бірыңғай есеп күнін" өткізу уақыты мен орны туралы толық ақпарат 20 қыркүйектен кейін әр қаладағы әкімдіктердің ресми сайттарында және әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Massaget