- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бас прокуратура хабарламасы
Қазақстанда бірнеше құрылыс салушы қылмыстық жауапқа тартылды
Бас прокуратура бірнеше құрылыс салушылар қылмыстық жауапқа тартылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Andora Construction ЖШС-ның директоры 2020-2023 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органнан үлескерлердің ақшасын тартуға келісім алмай, 25 азаматқа жалған алдын ала келісімдер жасау арқылы 313 миллион теңгеге пәтер сатқан.
23 қазанда Атырау қаласы №2 сотының үкімімен серіктестік директоры аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сондай-ақ Nazik Group ЖШС-ның директоры мен "Atameken Тұрғын Үй", Family Town және Baisanat Residence тұрғын үй кооперативінің құрылтайшысы да осыған ұқсас фактілер бойынша сотталды.
Сонымен қатар прокурорлық қадағалау негізінде биылғы жылы 2 құрылыс салушы компаниялар да әкімшілік жауапқа тартылып, 1 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі.
Бұл ретте прокуратура органдары азаматтардың үлестік құрылыс нарығындағы құқықтарының сақталуын және олардың өз пәтерлерін уақытылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді бақылауда ұстап отыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина