16 желтоқсанда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты бұрын жабылған республикалық маңызы бар автожолдарда жол ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қай жолдар ашылды?
"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, сағат 05:00-ден бастап республикалық маңызы бар Астана - Көкшетау - Петропавл - Ресей шекарасы автожолының 18–232 шақырым аралығы (Астана - Щучинск) бойынша барлық көлік түріне қозғалыс ашылды.
Сейсенбіде 08:00-ден бастап мына учаскелерде қозғалыс қайта ашылды:
- Қостанай - Әулиекөл - Сұрған тасжолы, 8–218 шақырым (Тобыл - Октябрьское);
- Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай тасжолы, 683–729 шақырым (Сарыкөл - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы).
- Солтүстік Қазақстан облысында көліктер Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай трассасының 729–768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы) еркін жүре алады.
Ақтөбе облысында қозғалыс ашылған учаскелер:
- Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 776–1240 шақырым ("ЭКО ОЙЛ" ЖҚС - Қызылорда облысының шекарасы);
- Ақтөбе - Ресей шекарасы жолы, 39–136 шақырым (Ш.Қалдаяқов кенті - Әлімбет).
Қызылорда облысында қозғалыс шектеулері алынды:
- Ресей шекарасы - Мәртөк - Ақтөбе - Қарабұтақ - Қызылорда - Шымкент - Тараз - Қордай - Алматы - Қорғас - ҚХР шекарасы трассасы, 1240–1474 шақырым (Ақтөбе облысының шекарасы - Әйтеке би кенті).
Павлодар облысында барлық бағытта барлық көлік түрі үшін қозғалыс ашық.
Қарағанды облысында ашылған жолдар:
- Қызылорда - Жезқазған - Қарағанды - Шідерті, 1067–1135 шақырым (Молодёжный кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін);
- Қалқаман - Баянауыл - Үміткер - Ботақара, 231–324 шақырым (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара кенті учаскесі).
Абай облысында қозғалыс ашылды:
- ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы жолы, 587–733+1 шақырым (Павлодар облысының шекарасынан Семейге дейін).
Ақмола облысында қозғалыс ашылды:
- Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 445–595 шақырым (Державинск - СҚО шекарасы).
Солтүстік Қазақстан облысында шектеу алынды:
Жезқазған - Арқалық - Петропавл, 595–671 шақырым (Ақмола облысының шекарасы - Тоқсан би ауылы).
Жабық трассалар
16 желтоқсанда 09:45-те Ақмола облысында ауа райының нашарлауына байланысты барлық көлік түрі үшін Астана - Көкшетау - Петропавл автожолының 18–232 шақырым аралығында (Астана - Щучинск) қозғалысқа шектеу енгізілді.
Жолдың ашылу уақыты болжам бойынша - 17 желтоқсан сағат 08:00.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!