Қазақстанда бір тәулікте төрт орман өрті тіркелген

Қазақстанда бір тәулікте төрт орман өрті тіркелген
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

9 тамызда еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында 4 орман өрті тіркелді. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт ошақтары "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының әуе патрульдеуі барысында анықталған. Өрт туралы хабарлама түскен сәттен бастап орман мекемелерінің күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілген.

Өңірлер бойынша:

  • Ақмола облысында 1 өрт;
  • Қостанай облысында 1 өрт;
  • Павлодар облысында 1 өрт;
  • "Бурабай" МҰТП-да 1 өрт тіркелген.

"Өртті сөндіруге "Қазавиаорманқорғау" кәсіпорнының өрт сөндіру десантшылары, сондай-ақ, мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары жұмылдырылды", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, елімізде аптап ыстық пен найзағайға байланысты өрт қаупі жоғары деңгейде болып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік орман күзеті мен "Қазавиаорманқорғау" күштері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget