Кейінгі тәулікте Қазақстанда 266 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
16 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2 102 адам коронавирус инфекциясынан (–1 990+ және 112 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 328 пациент стационарда, 1 774 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 12 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!