Кейінгі тәулікте Қазақстанда 218 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 1 725 адам коронавирус инфекциясынан (–1 510+ және 215 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 263 пациент стационарда, 1 462 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 7 адамның жағдайы ауыр,
• 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!