2022 жылдың басынан бастап Қазақстанда ЖСН алуға 320 мың өтініш қабылданды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ресей азаматтары резидент емес тұлғалардың ЖСН-ін алу үшін ХҚКО-ға жаппай өтініш білдіріп жатыр. Нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жүктемесі артқаны байқалады. Қазақстанда уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ЖСН беру қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" және шетелдік мекемелер арқылы көрсетіледі", - деді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов.
Оның айтуынша, ЖСН бір жұмыс күні ішінде дайындалады. Резидент емес тұлғаларға төлқұжаты болуы қажет, ал көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат қажет.
"Қазір ЖСН алу үшін Астана, Алматы және шекаралас қалаларда ресейліктер көбейгені байқалады. Кеше ғана еліміз бойынша 13 мыңнан аса өтінім қабылданды. Шамамен осындай мөлшерді бір ай бойы қабылдадық", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!