Қазақстанда жаңа тұрғын үйлерді сатып алатындар саны артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бір жылда жаңа тұрғын үйлердің бағасы 3,2 пайызға өскен, ал қолданыстағы пәтерлердің бағасы керісінше 5,4 пайызға төмендеді. Жалға алынатын үйлер былтырғымен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеді.
Өңірлер арасында жаңа тұрғын үй нарығында баға жылдық мәнде Павлодарда 14,8 пайызға, Петропавлда 10,6 пайызға өсті. Қолданыстағы пәтер нарығындағы баға өсімінің лидері - Атырау (11,8 пайыз) мен Семей қалалары (8,3 пайыз), тұрғын үйді жалға алу нарығында Жезқазған (30 пайыз), Қарағанды (23 пайыз) және Көкшетау қалалары (22,3 пайыз).
Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағасы қалай өзгергені хабарланды.
Жасұлан Ордабаев
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!