Қазақстанда бір жылда баспана бағасы қанша пайызға өсті?

Қазақстанда бір жылда баспана бағасы қанша пайызға өсті?
Фото: ©elements.envato.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы өкілі шілдеде тұрғын үй нарығында баға өзгергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz

"Бір жылда (былтырғы және биылғы шілдені салыстырғанда) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы 26,4 пайызға, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,6 пайызға өсті. Тұрғын үйді жалға алу төлемі былтырғымен салыстырғанда, 20,8 пайызға артты", - делінген хабарламада.

Өңірлер бойынша жаңа салынған тұрғын үй нарығындағы баспана жылдық мәнде:

- Ақтөбе қаласында - 32,5 пайызға,
- Нұр-Сұлтанда - 27,6 пайызға,
- Өскеменде 26,1 пайызға қымбаттады.
 
Қолданыстағы үйлерді қайта сату нарығында көш бастап тұрған қалалар:

- Қызылорда (44 пайыз),
- Өскемен (43,7 пайыз),
- Талдықорған (43,4 пайыз)
- Нұр-Сұлтан (41,3 пайыз).

Ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Алматы (47,2 пайыз) көш бастайды.

"Бір ай ішінде (2022 жылғы шілде мен маусымды салыстырғанда) пәтерлерді қайта сату бағалары - 0,8 пайызға, жаңа тұрғын үйді сату 0,5 пайызға өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі кейінгі аймен салыстырғанда, 0,4 пайызға өсті", - делінген хабарламада.

Ж. Қадыржанова