Қазақстанда боран мен қар көшкіні қаупіне байланысты республикалық маңызы бар төрт жол жабылды

Қазақстанда боран мен қар көшкіні қаупіне байланысты республикалық маңызы бар төрт жол жабылды
Фото: pixabay.com

13 наурыз сағат 18.30-дағы жағдай бойынша қолайсыз ауа райына екі облыста республикалық маңызы бар төрт автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысында қар, боран мен екпіні күшті желге байланысты жалпы ұзындығы 61 шақырым болатын бір автожол жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" - ААП Жібек жолы-Қарағанды обл. шек. (автокөліктің барлық түрі үшін).

Қарағанды облысында қар көшкіні қаупіне байланысты жалпы ұзындығы 293 шақырым болатын үш автожол жабылды:

  • "Екатеринбург-Алматы" - ААП Теміртау-Аксу-Аюлы ауылы;
  • "Қызылорда-Павлодар" - Қарағанды қ.- Молодёжный аулы;
  • "Екатеринбург-Алматы" - Ақмола обл. шек.-ААП Теміртау (автокөліктің барлық түрі үшін).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 763 бірлік техника және 1 765 адам жұмылдырылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан