- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда боран мен...
Қазақстанда боран мен бұрқасынның салдарынан қандай жолдар жабық тұр?
31 қаңтар сағат 21:30-дағы ахуалға сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты жеті облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
31 қаңтар сағат 21.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Ақтөбе облысында – 2 учаске:
- "Самара-Шымкент" 776-965-шақырым, Ақтөбе қ. -Қарабұтақ к. – 189 шақырым.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.
- "Самара-Шымкент" 1153-1240-шақырым, М-32 және А-26 жол айырығынан-Қызылорда обл. шек.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. (Қызылорда облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Алматы облысында – 3 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 59-143-шақырым, Жаңақұрылыс а. -Жамбыл обл. шек. – 84 шақырым;
- "Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254-шақырым, Панфилов а. -Жетісу обл.шек. – 230 шақырым;
- "Алматы-Өскемен" 25-72-шақырым, ААП-Қонаев қ. – 47 шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Жамбыл облысында – 3 учаске:
- "Алматы-Ташкент-Термез" 159-238-шақырым, Кенен а. - Қайнар а. – 79 шақырым;
(Бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан)
- "Алматы-Ташкент-Термез" 143-214-шақырым, Қордай а. -Алматы обл. шек. – 71 шақырым;
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады (Алматы облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
- "Алматы-Ташкент-Термез" 238-334-шақырым, Қайнар а. -Мерке а. – 96 шақырым.
(Алматы облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты) Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді.
Жетісу облысында – 1 учаске:
- "Алматы-Өскемен" 124-254-шақырым, Алматы обл.шек. - Талдықорған қ. – 130 шақырым.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді (қар, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Қызылорда облысында – 2 учаске:
- "Қызылорда-Павлодар" 12-216-шақырым, Қызылорда қ. -Ұлытау обл. шек. – 204 шақырым.
- "Самара-Шымкент" 1240-2055-шақырым, Ақтөбе обл. шек.-Түркістан обл. шек.
Шектеу автокөліктің барлық түрі үшін қолданылады. (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан).
Ұлытау облысында – 2 учаске:
- "Қызылорда-Павлодар" 216-410 км, Қызылорда обл.шек. -Талап а. - 194-шақырым.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Қызылорда облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты).
- "Жезқазған-Петропавл" 252-335-шақырым, Ұлытау к.- Қостанай обл. шек.
Шектеу автокөліктің барлық түрлі үшін қолданылады (қар, бұрқасын, жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан)
Қостанай облысында – 1 учаске:
- "Жезқазған- Петропавл" 252-335-шақырым, Ұлытау обл. шек.- Арқалық қ.
Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан