10 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жарияланғаннан кейін заң 60 күннен кейін, яғни 2023 жылғы 9 қыркүйекте күшіне енетіні хабарланды.
Заң онлайн-платформалар мен блогерлердің құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Желіде жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы қылмыстық жауапкершілік пен әкімшілік жауапкершілік енгізіліп жатыр.
Онлайн-платформалардың қарапайым қолданушылары үшін айыппұл 20 АЕК (2023 жылы 69 мың теңге), ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын блогерлер үшін 40 АЕК (2023 жылы 138 мың теңге) болады.
Мемлекеттік тіл онлайн-платформалардың интерфейстері мен модерациясына енгізуді жоспарланып отыр. Бұл әлеуметтік желі алгоритмдеріне қазақ тіліндегі мазмұнды модерациялауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, онлайн-платформалардың иелері жалған ақпарат пен салық төлеуден жалтарумен күресте мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеуге міндетті болады.
Әлеуметтік желідегі парақшаларында жарнама орналастыратын қазақстандық блогерлер ресми түрде кәсіпкер ретінде тіркелуі керек.
"Оған қол жеткізу үшін Интернеттегі берілген ресурсты қолданушылар санын анықтау бағдарламасын құру және жергілікті уәкілетті органмен өзара әрекеттесетін заңды өкілді тағайындау талабы енгізіліп жатыр.
Егер онлайн-платформаларда заңсыз контент табылса, оны жою туралы заңды өкілге хабарланады. Бұл талап орындалмаса, уәкілетті орган онлайн-платформаның қызметін шектеуге құқылы", - деп түсіндірді бұған дейін Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев.
Сондай-ақ, интернет-алаңдарды қолданушылар өз парақшаларында орналастырған онлайн-жарнаманы таңбалауы және жалпы өз қызметін Кәсіпкерлік кодекске сәйкес жүргізуі қажет.
10 шілдеде Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама" заңға қол қойған еді.
"Инфлюенсер" ұғымы Қазақстан заңнамасында бекітілетіні бұған дейін хабарланған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!