Қазақстанда биыл 600-ден аса отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелген

Қазақстанда биыл 600-ден аса отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелген. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты, - деп хабарлайды Polisia.kz

Мемлекет басшысы Жолдауда назар аударған өзекті мәселелердің бірі - отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық. ІІМ мәліметінше, көбіне оның құрбандары - әйелдер мен балалар.

"Жыл сайын полицияға осындай деректер бойынша 100 мыңнан аса өтініш түседі. Бұл ретте әрбір екінші жәбірленуші бұрын берілген өтініштен бас тартады. Көбінесе бұл күдіктінің немесе туыстарының қысымымен жасалады. Жыл басынан бері полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 99 мың хабарлама түсті. Бірақ олардың 62 мыңы "есептен шығарылды", өйткені полицияға келгеннен кейін жәбірленушілердің өздері өтініш беруден бас тартты. Мұндай мәлімдемесіз полиция қызметкері "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды", - деді Марат Ахметжанов.

Биыл 600-ден аса отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелген. Сондықтан нақты шаралар қажет.

"Біріншіден, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ден қоюдың "мәлімдемеден" "анықтаушы" сипатына көшу ұсынылады. Яғни, құқықбұзушыны тіркелген дерек үшін жауапқа тарту. Екіншіден, әкімшілік құрамның санкцияларын ең төменгі әкімшілік мерзімін ұлғайту арқылы қамауға алу мерзімін 5 тәуліктен бастау ұсынылады. Бұрын ол болмаған, сондай-ақ, қайталанған құқықбұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімі 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұзартылған. Ескертудің орнына есте қаларлық тиімді жазалардың бірі саналатын қоғамдық жұмыстарды енгізу ұсынылды. Үшіншіден, денсаулыққа зиян келтіруге байланысты қылмыстардың құрамына "отбасылық-тұрмыстық қатынастардағы адамға қатысты" деген саралау белгісін енгізу ұсынылады", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!