Қазақстанда биыл терроризмге қатысы бар 30-дан аса адам ұсталды

Қазақстанда биыл терроризмге қатысы бар 30-дан аса адам ұсталды
Фото: tengrinews.kz

Қазақстанда жыл басынан бері терроризмге қатысы бар 30-дан аса адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Атырау облысының тұрғыны Т-ға қатысты терроризмді насихаттау дерегі бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы Атырау қаласының №2 сотының үкімі заңды күшіне енді. Тергеу барысында оның белсенді түрде дін ұстанушылар арасында радикал идеологияны таратқаны және еліміздің азаматтарына қатысты зорлық іс-әрекеттер жасауға үгіттегені дәлелденген. 

Сонымен қатар, Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты осыған ұқсас деректер бойынша халықаралық террористік ұйымдары уағызшыларының ықпалына түскен Шымкенттің 2 тұрғынын 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазалады. Тергеу барысында олардың әлеуметтік желілер арқылы терроризм идеологиясын насихаттағандары, сонымен қатар, террористік тұрғыдан белсенді аймақтарға жету үшін шетелдік содырлармен байланыс орнатпақ болғаны анықталды. Бұлардың кінәсі куәгерлердің көрсетулерімен, заттай айғақтармен және өзге де материалдармен толық дәлелденді.

Биыл ҰҚК террорға қарсы бөлімшелері террористік сипаттағы қылмыстарды жасады деген күдікпен еліміздің 31 тұрғынын және шетелдікті ұстады. Осы кезеңде сот органдары бұл деректер бойынша тағы да 10 адамды әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек