Биыл оқу жылының аяқталуына орай Қазақстанның барлық мектебінде дәстүрлі салтанатты жиынның орнына бірыңғай сынып сағаты өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ал мектеп бітірушілерге мектеп бітіруін салтанатты түрде тойлауға тыйым салынды.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін және емтихандарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға және автомобильдермен шығуға тыйым салынады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!