- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда биыл қылмыс...
Қазақстанда биыл қылмыс саны 12 пайызға төмендеді - ІІМ
Биыл елдегі қылмыс көрсеткіші былтырмен салыстырғанда, 12 пайызға төмендеген. Бұл туралы ІІМ Ержан Сәденов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алматы" телеарнасына сілтеме жасап.
Бас полицейдің айтуынша, биыл құқықбұзушылық пен тәртіпсіздік саны әлдеқайда қысқарған. Көшелер мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік деңгейі артқан.
"20 мыңнан аса құқықбұзушылықтың алдын алдық. Үш мыңнан аса қылмыстың жолы кесілді. Алматы қаласы бойынша 6040 полиция қызметкері жұмыс істейді. Қала көшелерінде тәулік бойы 2,5 мың полицей жұмысын атқарады", - деді Полиция департементінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Ал Республика бойынша 9 миллионнан аса құқықбұзушылық анықталды.
"Бір жыл ішінде 70-тен аса ұйымдасқан қылмыстық топ және 9 трансұлттық қылмыстық топ жойылды. Бірлескен шаралардың нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 75 жасырын есірткі зертханасына тосқауыл қойылды. Есірткіге байланысты 6 мыңнан аса, алаяқтық сипаты бар 20 мыңнан аса заңсыз интернет-ресурстар бұғатталды", - деді ҚР ІІМ Ержан Сәденов.
Ведомство басшысының айтуынша, елде 8 миллион мәрте жол ережесі бұзылған. 20 мыңнан аса адам көлікті мас күйде айдағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылған.
Қазақстан бойынша 1 миллионға тарта бейнебақылау камерасы бар. Технологияның көмегімен құзырлы орган биыл 9 мыңға жуық қылмыстың бетін ашып, 500 мың әкімшілік құқықбұзушылықтың алдын алған.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова