Қазақстанда биыл 9 айдың қорытындысы бойынша жол апаты салдарынан 1 600-ден аса адам қаза тауып, 35 000-нан аса адам жарақат алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратура мәліметінше, жол апаттарының негізгі себебі - 86% жағдайда жүргізушілердің кінәсі, 14% жағдайда жаяу жүргіншілер мен өзге де жол қозғалысына қатысушылардың кінәсі.
"Бір ғана Солтүстік Қазақстан облысында 9 айда 400-ден аса жол апаты тіркеліп, 38 адам қаза тапқан, 550-ден аса адам жарақат алған", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура жол қозғалысына қатысушыларды барынша мұқият және жауапты болуға шақырды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова