Қазақстанда биыл 55 адамды пойыз қағып кетті
Жыл басынан бері көліктегі полиция департаменті белгіленбеген жерлерден теміржолдарды кесіп өткені үшін 28 589 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
55 азамат пойыз астына түсіп, олардың жартысынан көбі қайтыс болды.
Департамент бастығы Бақытжан Малыбаевтың айтуынша, демалыс күндері Жетісу облысы Қарабұлақ – Талдықорған аралығында жүк пойызы белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
"Өкінішке қарай, қайғылы оқиғалардың көпшілігі теміржолда жүріп-тұру ережелерін сақтамау салдарынан болады. Әлі күнге дейін адамдар теміржолдың қаншалықты қауіпті аймақ екенін, оның зардаптарын жете түсінбейді", - деді Бақытжан Малыбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан