- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда биыл 25...
Қазақстанда биыл 25 бала өлі табылған
Жыл басынан бері Қазақстанда 25 бала өлі табылған. Олардың алтауы туыстарының қолынан қаза тапқан. Жантүршігерлік деректі балалар омбудсмені Динара Зәкиева айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Динара Зәкиеваның сөзінше, елде кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істейтін мамандар тапшы. Мысалы 7 миллион балаға республикада 303 қамқоршылық қызметкері бар. Яғни 22 мың балаға бір маманнан. Ал әлемдік стандарт бойынша, бір қызметкерге 5 мың бала болуы керек екен.
"Ең маңызды түзетулердің бірі - балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту. Жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ете отырып, біз ауыр зардаптардың алдын аламыз, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық жағдайы бойынша татуласуды болдырмаймыз", - дейді омбудсмен.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина