Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 25 мамырда "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заңға Президент Тоқаевтың қол қойғанын хабарлады. Заң 6 маусымда күшіне енді. Ал 13 шілдеде Қазақстандағы бейбіт жиналыстарға қойылатын талап туралы онлайн талқылау өтті.
Бейбіт жиналыстардың ұйымдастырушысына қойылатын талап қандай?
Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгілерінің нысандары – кеудеше немесе жапсырма. Кеудеше сипаттамасы мынадай:
1) түсі – қою жасыл, бір түсті;
2) артқы жағында "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" деген жазуы бар. Жазудың көлемі: "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" – жазуында әріптің биіктігі 60, ені 50 миллиметрден, шрифттің қалыңдығы 12 миллиметрден кем болмауы қажет. Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан "Arial" шрифтімен жасалады.
Сонымен бірге жапсырма да бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушының айырым белгісінің нысаны саналады. Оның сипаттамасына сай, ұйымдастырушының жапсырмасы арқадағы жапсырма ені 280 миллиметрден, биіктігі 100 миллиметрден кем емес тікбұрыш түрінде болады, фон түсі – қою жасыл, бір түсті. Ортасында "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" деген жазу орналасады. Жазудың көлемі: "ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ", "ОРГАНИЗАТОР" - әріптің биіктігі 40 миллиметрден, әріптің ені 30 миллиметрден, шрифтің қалыңдығы 12 миллиметрден кем болмауы қажет. Жазу ақ немесе күміс түсті жарық шағылыстырғыш матадан "Arial" шрифтімен жасалады.
Еске салайық, 1995 жылғы 17 наурызда қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заң өз күшінде қалады.