Елде 5 мыңға жуық дәрігер жетіспейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Ауылдық жерде 1 мыңнан, қалада 3 мыңнан астам орын бос тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі мәлім етті.
Тимур Сұлтанғазиев айтуынша, педиатрлар, кардиологтар, психиатрлар және реабилитологтар жетіспейді. Сонымен қатар терапевтер, рентгенологтар, анестезиолог-реаниматологтар, хирургтар және акушер-гинекологтарға сұраныс артқан. Айта кету керек, елімізде медициналық ұйымдарында түрлі бейіндегі 81 мың дәрігерлер еңбек етеді.
Олардың жалпы саны 271 мыңнан асады.
"Дәрігерлердің тапшылығын шешу маңызды мәселе. Мұның шешімі табылады деп ойлаймын. Медицина мамандарының санын көбейту, олардың еңбек жағдайын жақсарту әсіресе шалғай және ауылдық елді мекендердегі еңбекті ынталандыру шараларын қабылдауымыз керек", - дейді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!