Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгілеу жоспарланып отыр. Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" сайтында пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:

Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

  • АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;
  • АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;
  • дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Жоба 24 наурызда жарияланып, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!