Қазақстанда белгісіз біреулер Facebook желісінде вице-министрдің атынан аккаунт ашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі Салидат Қайырбекованың бүгінгі таңда әлеуметтік желілердің ешқайсында аккаунты жоқ.
"Салидат Қайырбекованың атынан белгісіз адамдар Facebook әлеуметтік желісінде ашқан аккаунт оған тиесілі емес. Ол жерде орналастырылған ақпарат Қайырбекованың пікірі емес", - делінген хабарламада.