Қазақстанда бастапқы энергияны тұтыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары болып шықты

Қазақстанда бастапқы энергияны тұтыну әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары болып шықты
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда бастапқы энергияны тұтыну мөлшері ТМД елдері бойынша ең жоғары, ал әлемдегі орташа көрсеткіштен екі есе жоғары болып отыр, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Қазақстанда бастапқы энергияны тұтыну ТМД елдері бойынша ең жоғары, яғни жан басына шаққанда 150,1 гигаджоуль болған. Бұл әлемдегі орташа деңгейден екі есе және ЭЫДҰ-ға кірмейтін басқа елдерге қарағанда үш есе көп. Еуропа елдерінде бастапқы энергияны тұтыну жан басына шаққанда 122 гигаджоуль, Таяу Шығыс елдерінде 143 гигаджоуль, Азия-Тынық мұхиты елдерінде 63,6 гигаджоуль болады. Ал әлем бойынша орташа есеппен жан басына шаққанда 75,6 гигаджоуль. ТМД бойынша Қазақстаннан бөлек, көшбасшылар үштігінде Түрікменстан мен Ресей де бар.

Бастапқы энергия - халықтың тұрмыстық және экономиканың барлық салаcының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған елдегі энергия мен отынның әртүрлі жиынтығы.

Жылыту мәселесіне қатысты Қазақстанда үйлердің 52,6 пайызы орталық жылытуды пайдаланады. Ал 25,2 пайызы газды, 23,3 пайызы қатты отынды, 0,2 пайызы сұйық отынды, 0,2 пайызы электр энергиясы арқылы жылытылатын пешті пайдаланады.

 

Орталық жылыту саласында биылғы қазанның қорытындысы бойынша бір жылдағы баға 2 пайызға төмендеген. Биыл газ да арзандағаны байқалған. Қазанның қорытындысы бойынша тариф 0,6 пайызға төмендеген. Осы уақыт ішінде қатты отын бағасы бір жылда бірден 11,1 пайызға өскен.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова