- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда баспананы жалға...
Қазақстанда баспананы жалға алу құны төмендеді
Бір аптада, яғни 10-17 қараша аралығында Қазақстанда баспананы жалға алу құны 2,3 пайызға төмендеген, - деп хабарлайды Krisha.kz.
Сайт мәліметінше, ең алдымен Көкшетауда пәтерді жалға алу құны төмендеген - 8,1 пайыз, одан кейін Оралда 6,8 пайызға және Астанада 3,6 пайызға төмендеген.
Алматыда жалға берілетін пәтер құны 2,8 пайызға төмендеген.
Ал Қарағанды мен Қостанайда 1-3 пайыз өсім байқалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина