Қазақстанда барлық тұрғын көшіп кеткен ауылдар табылды

Солтүстік Қазақстан облысында барлық тұрғын көшіп кеткен алты ауыл бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Солтүстік Қазақстан облысының 33 елді мекенінде 10 немесе одан да аз адам тұрады. Олардың ішінде облыс орталығынан 200 шақырым жерде орналасқан Балуан ауылы бар. Шамамен 30 жыл бұрын ауыл өркендеп тұрған, мұнда тұрғындар жылытумен қамтамасыз етілген қазандық, зертханалары мен үлкен спорт залы бар мектеп, мал фермалары мен дүкендер болыпты.

"Қазір мұнда 5-6 тұрғын үй қалды. Олар - көшуге мүмкіндігі жоқ жалғызбасты адамдар. Олар мал ұстайды, сонымен күн көреді. Жолдардың да, судың да мәселесі қиын. Мен осында туып-өстім. Мектеп директоры болдым. Бірақ жабылғаннан кейін үш жыл бұрын туған жерімен кетуге тура келді", - деді ауылдың бұрынғы тұрғыны Торғын Әбдірахманова.

Бүгінгі таңда өңірде алты ауылда адам тұрмайды. 2017 жылдан 2019 жылға дейін мұнда 33 ауыл таратылды.

Еске салайық, бұған дейін де Солтүстік Қазақстанда "болашағы жоқ" қанша ауыл бар екені айтылды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!