Қазақстанда банктер салықты көбірек төлеуі мүмкін

Қазақстанда банктер салықты көбірек төлеуі мүмкін
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банктерге салық жүктемесі артуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сенаттың жалпы отырысынан журналист вице-министрге "Салық заңнамасындағы өзгерістер халыққа ауыр тимей ме?" деп сұрақ қойды. Ержан Біржанов бұл мәселе қаралып жатқанын жеткізді.

"Жер қойнауын пайдаланушылармен, мұнай саласындағы салық төлеушілермен жұмыс істеуді, сондай-ақ екінші деңгейлі банктерді қарастырудамыз. Өйткені екінші деңгейлі банктер жағынан салық түcімі төмен. 21 банк тек 600 млрд теңге салық төлеп отыр. Қаржы министрлігі банк саласына салықты ұлғайтуды ұсынды", - деді вице-министр.

Министрдің орынбасары бұл ұсыныстар пысықталып, Парламент қарауына енгізетінін атап өтті. Сондай-ақ Ержан Біржанов жеке кәсіпкерлердің жағдайын жақсарту да маңызды екенін айтты.

"Жаңа Салық кодексі аясында инвестиция салатын және жаңа кәсіпорын ашатын кәсіпкерлерге жағдай жасау маңызды", - деді Ержан Біржанов.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жайыққызы