Қазақстанда банктер бірыңғай QR-код жүйесіне көшеді

Қазақстандық банктер QR кодтарының бірыңғай жүйесіне көшеді. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсел Жанасова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Электрон сауданы дамытуға арналған "E-commerc Forum" атты форумда вице-министр Әсел Жанасова осындай жоспар бар екенін мәлімдеді.

Жанасованың айтуынша, бұл қолма-қол ақшасыз атқарылатын сауданың үлесін ұлғайтып, ашықтыққа жол ашады.

"Былтыр біз QR-төлемді теңестіріп, QR-кодтарды стандарттауға күш салдық. Кімнің клиенті екенің маңызды емес, Halyk Bank, Kaspi, Jusan қосымшасын пайдалансаң да, бәрінің жүйесі оқитын ортақ QR болуы керек. Бизнестің әр субьектісіне бір-бір POS-терминал ұстап қажет емес. Әр терминалға ақы төлеу керек болады. Бәріне ортақ бір терминал болса, оған нарықтағы бүкіл ойыншылар қатыса алуы керек. Биыл бүкіл банктер өз жүйесін жетілдіреді. Соның арқасында қазақстандықтар кез келген терминалдан төлем жасай алады. Яғни банктер бір-бірінің QR төлемдерін оқи беретін болады", - деді Әсел Жанасова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!