Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев мемлекеттік ұйымдарға отандық өндірістегі балықты рационға енгізуді міндеттеуді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістегі Үкімет сағатында министр "Балық шаруашылығын дамыту туралы" заң жобасы бойынша баяндама жасады.
"Балық өнімдерін заңнамалық деңгейде өткізу мәселесін шешу үшін білім беру, денсаулық сақтау жүйесіндегі мемлекеттік ұйымдарға, Ішкі істер органдары, Қарулы Күштер органдары, Қылмыстық-атқару жүйесі органдарына балықты ас мәзіріне енгізу және балық өнімдерінің кепілдік берілген көлемін отандық өндірушілерден сатып алу міндеттелу ұсынылады", - деді Серікқали Брекешев.
Еске салайық, бұған дейін министр Каспийдегі итбалықтардың қырылуына себеп болуы мүмкін жайтты атаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!